Теміртауда газ құбырынан өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал» АҚ аумағындағы конверторлы цехтың сыртқы жағындағы газ құбырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттен хабарланғандай, АҚ-пен бірге қазіргі уақытта газ құбырын салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмысына 34 адам мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.

«Комбинаттың жұмысшылары газ жіберу қызметін тоқтату жұмысын жүргізуде», - делінген комитеттің хабарламасында.

Өрттен зардап шеккендер немесе көз жұмғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар