Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Теміртауда газ-ауа қоспасы жарылған көпқабатты үйде тұруға рұқсат жоқ

2022 жылғы 18 тамыз 18:16

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан қираған көпқабатты үйде үш ұйым тексеріс жүргізіп жатыр. Комиссия бұл үйге әзірге қоныстануға болмайтыны туралы алдын ала ұсыныс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні үйге техникалық тексеруді үш ұйым жүргізеді: «Астана Технадзор» ЖШС, «КазМирр» ЖШС, «ТрансИнжиниринг»ЖШС. Тексеру нәтижелері 20 тамызда дайын болады.

Нәтижелер шығарылғанға дейін бұл үйде тұруға болмайтындығы туралы алдын ала ұсыныс және үйдің плиталары мен конструкцияларын нығайту бойынша ұсыныс берілді.

Сондай-ақ үйдегі пәтерлер мен тұрғындар санының толық базасы қалыптастырылды: 80 пәтер, 155 тұрғын, оның ішінде қарт адамдар – 12 адам, 18 жасқа дейінгі 15 бала.

«Жедел штаб үй тұрғындарына уақытша тұрғын үй беру мәселесі бойынша тәулік бойы көмек көрсетеді (22 адамнан тұратын 8 отбасы Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылды. 70 отбасы туыстарына және жалға берілетін пәтерлерге қоныстанды), 2 отбасы пәтерлерде тұрмайды, 33 тұрғынға кеңес берілді (16 тамыздағы жағдай бойынша – 67 кеңес). WhatsApp-та топ құрылды, онда тәулік бойы консультативтік көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Теміртау қаласының әкімдігінен.

Еске сала кетейік, 16 тамызда Теміртауда бес қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, 4 адам зардап шекті, 53 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.


Автор:

Агата Мухамеджанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары