Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда баланы өлтірген күдікті анықталып, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар