Теміртауда дүкенді тонаған төрт күдіктіге үкім шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық сотында азық-түлік дүкенін тонаған төрт ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрт күдіктіге ҚР ҚК-нің 191-бабы «Ұрлық жасау» бойынша 5 жылға бас бостандықтарынан шектеу үкімі шықты. Олар пробациялық бақылауға алынды», - деп хабарлады Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметінен. 

Өткен күзде бетперде киген төрт ер адам Теміртау қаласындағы 8-шағынаудандағы дүкенге басып кірген. Қаскүнемдер қаруға ұқсайтын затпен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кеткен.

Оларды Ішкі істер департаментінің қарақшылық шабуыл ісін ашу бойынша арнайы тобы ұстаған. Екі күдіктінің жасы 19-да, екеуі - 21-де.

Алғашында қылмыстық іс «Тонау» бабы бойынша қозғалды. Кейін тергеу барысында «Ұрлық жасау» бабына ауыстырылды. 

Соңғы жаңалықтар