Теміртауда бірден 4 спорттық нысан жұмысын тоқтатады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау әкімдігі бәс-саудаға шығарған төрт спорттық нысанның сатып алушысы табылмады. Осы себепті енді олар жабылуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аукционға Мұз сарайы, «Металлург» стадионы, «Жастар» жүзу бассейні және спорт кешені шығарылды. Бұлар 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында бизнеске берілуі тиіс нысандардың тізіміне енген. Әкімдіктің мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімінің басшысы Айгүл Сағатбекованың айтуынша, спорттық нысандарды сатудың үш әрекеті қолға алынған, бірақ сатып алушылар табылмады.

«Бағаны төмендету арқылы бірнеше рет саудаға шығарылған нысандар сатылмаса, олар мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес жойылуға жатады», - деді А.Сағатбекова.

Жекешелендіру не үшін керек? Мемлекеттің балансында көп нысандардың болуы экономиканың дамуын тежеп, бәсекелестіктің артуына кедергі келтіреді. Бәс-сауда арқылы кәсіпорындарды бизнестің қолына тапсыру экономиканың ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар