Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Тұрғын үйден 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның екеуі бала, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі,

«21 ақпан күні сағат 10:53-те Теміртау қаласының О.Тищенко көшесіндегі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерінде жалпы ауданы 8 шаршы метр алаңда ағаш қалқан және үй заттары жанған. Өрт сағат 11:31-де толық сөндірілді. Құтқарушылардың күшімен подъездегі пәтерлерден 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», делінген хабарламада.


Қазіргі мәлімет бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуының себепші болды деген болжам жасалды.

Еске сала кетсек, төрт баланы құтқарған қарағандылық өрт сөндірушілер марапатталды.


Соңғы жаңалықтар