Теміртауда баланы өлтірген күдікті анықталды

None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда баланы өлтірген күдікті анықталды, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады. Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктіге іздеу жарияланды. Оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім етілгендей, өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар