+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Теміртауда балалар төбелесінен кейін 12 жасар жеткіншек мерт болды

2021 жылғы 25 шілде 16:15
Бөлісіңіз:
Теміртауда балалар төбелесінен кейін 12 жасар жеткіншек мерт болды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда өлімге апарып соқтырған балалардың төбелесі бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында ішімдік ішіп алған туысқандар жаппай төбелесті Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

24 шілдеде ескі қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Теміртаудағы қалалық балалар ауруханасында 12 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті.

Полицейлер анықтағандай, зардап шеккен бала қала үйлерінің бірінің ауласында 13 жастағы баламен ұрсысып қалған.

Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, әлгі бала жарақат алған.

Олардың төбелесі бейнежазбаға түсіп қалған және Instagram парақшаларының бірінде жарияланған.

«Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Рустам Құлкеев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT