Теміртауда әйелдерге қасақана АИТВ жұқтырған ер адам сотталмақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау полициясы АИТВ инфекциясын 4 әйелге әдейі жұқтырған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Материал ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығынан түскен. Ол ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Иммун тапшылығы вирусын адамға жұқтыру» бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне енгізілді. Іс Теміртау қалалық ІІБ-де қаралады», - деді Қарағанды облыстық ІІД-де.

Еске салайық, 28 жастағы Теміртау тұрғыны 4 әйелге АИТВ жұқтырған. Олардың бірі - 19 жастағы зардап шегуші полицияға шағымданған. 

Соңғы жаңалықтар