Теміртауда Аяз ата балаларды өрт сөндіру машинасымен келіп құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртауда өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында балаларды ерекше тосынсыймен қуантты. Өрт сөндірушілер Аяз Ата және Ақшақармен бірге балаларды арнайы машиналарға отырғызып алып келіп, келе жатқан мекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртау қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің №4 қарауылының өрт сөндірушілері Аяз Ата және Ақшақарды жол талғамайтын көлік және өрт сөндіру машиналарына отырғызып алып, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын құттықтауға барды. Орталықтың ауласында оларды балалар тағатсыздана күтіп тұрды. Бүлдіршіндер оларға Аяз Ата мен оның немере қызы қандай шанамен келгеніне таң қалды, себебі мұндай техниканы көпшілік алғаш рет көрген еді. Қуанышты балалар өрт сөндірушілерді қонаққа шақырып, орталықта ұмытылмас кеш өткізді. Барлығы көңілді, қызықты ойындар ойнап, әсерлі биді бірігіп биледі.

Өрт сөндірушілер мерекелік кешке бос қол келген жоқ. Олар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, тәттілер сыйлады. Залдан ешкім сыйлықсыз кеткен жоқ.

Мереке соңында жауынгерлер балаларды далаға шығарып, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын көрсетіп, жол талғамайтын және батпақта және қарда жүретін көліктерге мінді.

Балалар шын жүректен өрт сөндірушілерге өткізілген мереке үшін алғыс айтып, денсаулық, жұмыста табыс тіледі. «Өрт сөндіруші болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарын қойып, оған жауап алды. Мүмкін, дәл осы балалар болашақта өрт сөндірушілер қатарын тоқтырар, дейді мамандар.

Бұл мерекені кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары үшін №4 МӨСБ өрт сөндірушілері өз қаражатына ұйымдастырды. Олар 70-ке жуық балаға жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алды.

Өз кезегінде орталық басшылығы жетім балаларға, өмірлік қиын жағдайда және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға құттықтау акциясын өткізгені үшін жауынгерлерге алғыс хат тапсырды.


Соңғы жаңалықтар