Теміртауда ағаш отырғызатын челлендж басталды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртауда №16 жалпы орта білім беретін мектептің жас экологтары мұғалімдерінің жетекшілігімен экологиялық челлендж бастады. Шараға кез-келген адам қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол үшін ағаш отырғызып, оны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде #ДышиТемиртау хештегімен орналастыру қажет. Болашақта экологтар ағашты картаға түсіреді, оған күтім жасайды және өсуін бақылайды.

Өткен жылы #ДышиТемиртау челленджі сәтті өтті. Балалар қаланы тазарту және жасылдандыру үшін оны қайта өткізу туралы шешім қабылдады. Оқушылар қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды акцияны қолдауға шақырады.

«Бүгінгі таңда спортпен шұғылдану сәнге айналған, ал ағаш отырғызуды неге сәнге айналдырмасқа, оларды күтіп, қамқорлық жасау, экологиялық өмір салты керемет екенін стильді ету - өте тамаша ой. Біз өз ауласын, үйін жасыл етіп, ағаш отырғызуға ниеті бар барша халықты шақырамыз» - дейді акцияның бастамашысы Елена Варганова.
Соңғы жаңалықтар