Теміртауда 45 жастағы ер адам көшеде жалаңаш жүр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртауда көшеде жалаңаш жүрген 45 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Б. Құдияров хабарлады.

Теміртауда куәгерлер тыр жалаңаш кетіп бара жатқан жүргіншіні видеоға түсіріп алған.  Олардың мәліметінше, жалаңаш ер адам Республика даңғылы бойымен жүрген.

«Теміртау қаласының 45 жастағы тұрғыны мас күйінде қалалық саябақтан ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Құдияров.

Оның айтуынша, ер адам өзінің не үшін олай жүргенін түсіндіріп бере алмады.

Бұл бап бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл не 10 тәулік әкімшілік тұқтқындау көзделген.

Соңғы жаңалықтар