Теміртауда 22 жыл құлдықта болған әйелге пәтер сыйға берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында 22 жыл құлдықта болған жалғызбасты анаға қайырымдылық қоры баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мадина 22 жыл қыстақта құлдықта болған. Оның үш баласы бар. «Харекет» қайырымдылық қоры жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Бұл келіншек туралы «Қайсар« қайырымдылық қоры арқылы білдік. Қор өкілдері оған бостандыққа шығуға көмектескен және онымен бір жыл жұмыс істеді. Ал біз Мадинаға Теміртауда екі бөлмелі пәтер сыйлауды ұйғардық. Пәтер жақсы, жөндеу жұмыстары жасалған», – дейді Қарағанды облысы бойынша «Харекет» ҚҚ директоры Ақтоты Жүнісова.

Қазір Мадина мен оның балаларының өмірі жақсарып келеді.

«Менің отбасыма көмектескендердің барлығына рахмет айтқым келеді. «Харекет» және «Қайсар» қорларына ерекше алғыс білдіремін. Олар менің аяғыма тұрып, қалыпты өмірге оралуыма кемектесті», – дейді Мадина.

Естеріңізге сала кетейік, «Харекет» ҚҚ үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор республика бойынша 500-ге жуық отбасын, оның ішінде Қарағанды облысында 80-нен астам жанұяға баспана сыйлады. «Харекет» жетім, көпбалалы, жесір, жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектеседі.


Соңғы жаңалықтар