+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Теміртауда 14 жасар жасөспірім балалар үйінен қашып кеткен

2020 жылғы 7 шілде 00:52
Бөлісіңіз:
Теміртауда 14 жасар жасөспірім балалар үйінен қашып кеткен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында орналасқан SOS балалар ауылынан 14 жасар тәрбиеленуші жоғалып кетті. Жасөспірімді полиция және әскери бөлімше қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

4 шілдеде Теміртау қалалық полиция бөліміне SOS балалар ауылынан 14 жасар тәрбиеленуші қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Жасөспірімді іздеу жұмысына Теміртау қалалық полиция бөлімінің қүрамы, Ұлттық ұлан әскерилері және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды. Бала әзірге табылған жоқ» деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

SOS балалар ауылы басшылығының айтуынша, олардың қамқорлығындағы 14 жасар Артём Сенько тәрбиешілердің басқа балаларға көңіл аударғанын пайдаланып, қашып кеткен.

Жасөспірімнің бойы - 146 см, үстінде сұрғылт-қара күртеше болған. Баланы көргендер болса, бірден 102 нөміріне хабарласқаны жөн.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT