Теміртау тұрғыны полиция қызметкерін ұрғаны үшін айыппұл төлейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тоқтауды және қашпауды талап еткен полиция қызметкеріне бағынбай, артынша шынтағымен оның бетінен ұрған Теміртау қаласының тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртау мамандандырылған әкімшілік соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Николай Калинин үйінің ауласында достарымен спирттік ішімдік ішіп отырған. Үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне шағымданған.

«Тәртіп сақшылары келген бойда, олар жан-жаққа қаша бастады. Ұсталған Калинин жазатайым шынтағымен полиция қызметкерлерінің бірінің жақ сүйегін ұрып алды. Осылайша ол жол-патрульді полиция батальонының қызметкерінің талабына бағынбай, оған қоса әкімшілік құқық бұзушылық жасады», - деп  хабарлады Теміртау мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Теміртаулық азамат өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін білдірді. Соққының ұстау кезіндегі оқыс қимыл салдарынан абайсызда жасалғандығын айтты. Сот оны ҚК-нің 667-бабы 1-бөлімінде қарастырылған «Әкімшілік құқық бұзушылық» бойынша «прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңдық қызметіне кедергі келтірушілік» ретінде кінәлі деп таныды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 45 380 теңге айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар