Теміртау тұрғыны медсақтандыру есебінен эндопротез операциясын тегін жасатты

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағандының облыстық клиникалық ауруханасында қолдың ұсақ буындарын эндопротездеу бойынша күрделі және қымбат ота жасалды. Науқас үшін ол тегін болды. Операцияға қажетті ақшаны медициналық сақтандыру қоры аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұзақ жылдар бойы Теміртау қаласының тұрғыны деформациялаушы полиартриттен жапа шегіп келді.

Науқастың білек буындарында өзгерістер пайда болып, соның салдарынан алақан қызметі деформацияланды.

Аталмыш дерттен әдетте қатты ауырсыну сезіледі және гормоналды терапиядан өтуге мәжбүр болады.

Жақында науқастың сол қолының буындарын арнайы силикон буындар алмастырды. Операция бір жарым сағатқа созылды. Оны белгілі хирург Франц Галицкий жүргізді.

«Бұл жарғақты саусақ деп аталады. Аталмыш дерт адамның мүгедектігіне әкеледі, себебі мұндай жағдайда физикалық белсенділікті, ұстамалы қимылдарды орындау, өзіне қызмет ету өте қиынға соғады», – деді Франц Галицкий.

Операциядан кейін бір аптадан соң пациент жұдырығын толығымен қыса алады, оны эндопротездеуге дейін жасау мүмкін емес еді.

«Мен өте ризамын. Операция сәтті өтті. Дәрігерлерге, әсіресе хирургқа ризамын», – деді пациент.


Соңғы жаңалықтар