USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Теміртау тұрғыны құрамында есірткі бар таблетканы дүкенде сатып келген

2021 жылғы 6 желтоқсан 13:15
Бөлісіңіз:
Теміртау тұрғыны құрамында есірткі бар таблетканы дүкенде сатып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде құрамында есірткі бар препараттарды сатудың бірнеше фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада түрмедегі сотталушыға келген дөнердің ішінен марихуана табылды Түркістан облысында тұрғындардан қару, есірткі және діни сипаттағы материалдар табылды Шығыс Қазақстанда блокпостан мефедрон алып өтпек болған курьер ұсталды

«Заңсыз айналымнан 356 ампула есірткі заты, 5 258 таблетка, 173 ампула психотроптық зат, 258 ампула прекурсор алынды. Мәселен, Алматы облысының тұрғынынан синтетикалық опиоидқа жататын 20 таблетка тәркіленді. Атырау облысында мұндай 2 факті анықталды. Бұл ретте жалпы айналымнан 3 870 таблетка мен 70 құты атропинге жататын тамшы алынды. Дәл осындай факті Теміртауда анықталып, дүкенде 10 таблетка дәріхана дәрісін сатқан жергілікті тұрғын ұсталды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, мұндай дәрі-дәрмектер адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін әсері күшті заттар тізіліміне енгізілген.

«Оларды тасымалдау және тарату бойынша бақылау қызметін денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. Ал полицейлер өз тарапынан мұндай фактілерге қатысты азаматтардың шағымына ден қойып, материалдарды өкілетті органдарға беруді қамтамасыз етеді»,- деді ресми өкіл.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT