Теміртау тұрғыны кәсіпкер әйелді ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғыны кәсіпкер әйелді ұрлап әкетіп, ақша бопсалады деп күдіктелуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Тергеу нұсқасы бойынша, 23 жастағы Шота Джавахишвили, Мейрам Алпысбаев және олардың тағы екі сыбайласы кәсіпкер әйелді көлігін тұраққа қойып, үйіне беттегенде ұрлап әкеткен. Әйелді орманға апарып, соққыға жыққан және ірі көлемде ақша талап еткен. Оның алтын әшекейлерін шешіп алып, әмиянындағы ақшаны да иемденген және әйелді жүксалғышқа салған. Ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында кәсіпкердің пәтеріне барған қаскөйлер үйге кіре алмады. Кәсіпкердің кішкентай қызы оларға есікті ашпаған.

Қылмыскерлерлер өздерін полициямыз деп таныстырған. Алайда, қыз өз анасының танысына хабарласқанда, қаскөйлер ізін суытқан.

Сол арада кәсіпкер әйел жүксалғыштан шығып, жолай тоқтаған көлікпен жақын маңдағы полиция бөліміне жеткен. Криминалды полиция қызметкерлері Грузия тумасы Шота Джавахишвилиді ұстады. Ал оның сыбайласы болуы ықтимал Мейрам Алпысбаевты кәсіпкердің таныстары сол түні-ақ өздері іздеп тапты. Оны қаладан тысқары далаға апарып, атып өлтірген. Өз бетімен жаза тағайындаған «таныстарға» қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл эпизод бойынша үш адам ұсталды.

Теміртау қалалық сотының хабарлауынша, Шота Джавахишвилиге қатысты істі судья Нұрлан Асанов қарауда.

«Сотталушыға ҚР ҚК 125-бабы «Адам ұрлау», 192-бабы «қылмыстық топпен қарақшылық жасау», 194-бабы «Қорқытып алу», 200-бабы «Автомобильді заңсыз иелену» және ескі кодекстің бұрынғы нұсқасы бойынша 251-ші «Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру» бабымен айып тағылды», - деп хабарлады сот. 

Соңғы жаңалықтар