Теміртау полицейлері арнайы мекемелердегі балаларға сыйлық жасады

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының полиция қызметкерлері Наурыз мерекесіне орай өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды тәрбиелейтін мекемелерге барды. Тәртіп сақшылары балаларға көктемгі мейрамға орай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртау қалалық ПБ қызметкерлері іс-шараны «22 ұлттық сыйлық» қайырымдылық акциясы аясында өткізді.

«SOS. Балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне ұлттық стильде орындалған қуыршақтар, кілемдер, ұлттық костюмдер, бас киімдер, құмыралар, асхана жиынтықтарын табысталды. Полиция қызметкерлері 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы балалар мекемесіне қамқорлық етуде. Онда 3 жастан 16 жасқа дейінгі жас жеткіншектер тұрады.

Сондай-ақ, полицейлер Қарағанды облысының білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болды. Олар балаларды қазақ халық шығармашылығының бұйымдарымен қуантты.

«Осы тұрмыстық заттардың барлығын, киімдерді ата-бабаларымыз пайдаланған. Сіздер – біздің болашағымыз және дәстүрімізді жалғастырушысыздар. Бұл қарапайым сыйлықтар біздің ұлттық дәстүрлерімізді білуге және есте сақтауға ықпал етуі керек. Сіздерге бақыт, денсаулық және қуаныш тілейміз!»- деп атап өтті Теміртау қаласы ПБ бастығының орынбасары Еркебұлан Әбділда.


Соңғы жаңалықтар