Теміртау мұражайы халық назарына көне медициналық жәдігерді ұсынды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қараңғанды облысының Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Павел Карлаш әскери фельдшерінің медициналық түтігі» атты экспозиция ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұражай Медицина қызметкері күні қарсаңында ескі ағаш стетоскоп туралы баяндамақ.

Мұражай қорында медицинаға қатысты жүзден астам жәдігер сақталған. Дәл осы түтік дәуірдің артефактісі ретінде ғана емес, сонымен қатар Теміртау қаласы үшін маңызды адамға тиесілі құрал ретінде де құнды.

Әскери фельдшер Павел Карлаш көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға ие болып, соғысты басынан соңына дейін өткен. Кейін металлургтер қаласының денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға көп күш жұмсаған. Ол қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бірінші меңгерушісі болды. Қалалық жедел жәрдем станциясын құрды және оның бірінші меңгерушісі болды.


Instagram-дағы тікелей эфирге дәрігерді етене жақсы танитын адам, оның ұлы Валерий Карлаш қатысты. Ол әкесі жайлы баяндады.

Эфир мұражайдың әлеуметтік желідегі парақшасында қолжетімді.

Мұражай келушілер үшін дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, Медицина қызметкері күні Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар