Теміртау металлургтері құрыш пен шойын өндірісін арттырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау металлургиялық комбинатының кеншілері құрыш өндіру көлемін 8,2 пайызға, шойын өндіруді 8,4 пайызға арттырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, металлургиялық комбинатта жыл басынан бері 1 млн 300 мың тонна құрыш өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 8,2 пайызға көп. Сондай-ақ олар 1 млн 200 мың тонна шойын өндірген. Бұл де өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 8,4 пайызға артық. Металлургтер белгіленген жоспарды асыра орындауда.

«Біз негізгі қорларды жаңғырту, комбинат цехтарының құрылғыларын жаңарту мен өндіріс агрегаттарының жұмысын тұрақтандыру шараларының арқасында рекордтық нәтижеге қол жеткіздік. Бізге енді өндіріс көлемін арттыру, өнімнің сапасы мен технологиясын жетілдіру, бос тұру мен шығындарды азайту бағытындағы жұмыстарды жетілдіру керек. Ол үшін кәсіпорында барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы, алдыға қойған мақсаттарды орындай алатын еңбекқор ұжым бар»,-деді «АрселорМиттал Темиртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

Соңғы жаңалықтар