Теміртау металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда шілденің үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде қаланың ең маңызды мейрамдарының бірі - Металлургтер күні аталыпп өтеді. Сонымен қатар, биыл Қазақстан магниткасына 60 жыл толып отыр. Өңірде қос мейрам қатарынан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны салтанатты түрде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ашты.

«Құрметті металлургтер, мейрамдарыңыз құтты болсын! Теміртау мен комбинаттың тағдырын бір бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі күн - барлығымызға ортақ. Теміртау қаласының тарихы - Қазақстан магниткасының шежіресі іспеттес. Білесіздер, Президентіміздің еңбек жолы дәл осы жерде бастау алған. Теміртау - Қазақстанның күші мен мақтанышы. Еңбектенген әрбір металлургке үлкен рахметімді айтамын. Ешқандай қиындыққа қарамастан, барынша тырысып жұмыс атқаратыңдарыңызды білеміз. Уақыт қандай сынақ берсе де, лайықты түрде төтеп бере алатындарыңызға сенімім мол. Сіздердің өңірдің ертеңі үшін жасап жатқан еңбектеріңіз - аса бағалы», - деді облыс әкімі.
Бұдан кейін үздік металлургтерді марапаттау рәсімі, еңбек династияларының шеруі және жергілікті өнер ұжымдарының қатысуымен арнайы концерттер өтті.

Қазақстандық және шетелдік әншілер үш сағаттан астам уақыт бойы қала халқыныың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Бағдарламаны La Bouche тобы мен ВИА ГРА тобының экс-солисі Надежда Мейхер-Грановская түйіндеді.
Кеш мерекелік отшашумнен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар