Теміртау мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны рас па

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында орта білім беру мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Facebook парақшаларында Теміртау қаласының мектептерінде 20 жиынтық-сыныптың жабылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

«2018 жылдың 1 қыркүйегінде Теміртау қаласының 29 мектебінде орташа қамтылу 25,3 адамды құрайтын 903 жиынтық-сыныптармен толықтырылған болатын. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 700 адамға толығып, жиынтық-сыныптардың саны - 24 бірлікті құрады. 5 мектепте оқушылар саны төмен болғандықтан және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланбауы салдарынан аз қамтылған сыныптарды біріктіру арқылы 6 жиынтық-сынып оңтайландырылды. Барлық оқушылар сол мектептерде қалып, біріктірілген сыныптарда оқып жатыр», - делінген Білім басқармасының хабарламасында. 

Сонымен қатар атап өтілгендей, барлық мектептер қажетті педагогикалық кадрлармен қамтылған. Жаңа оқу жылында 17 мектепте дефектологтар мен логопедтердің штаттары, 5 мектепте ұзартылған оқу сыныптары ашылған.

«Қаланың білім саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге өсті (2017 жыл - 6,3 млрд теңге, 2018 жыл - 7,1 млрд теңге). Білім беру-тәрбие процесі штаттық режимде жүргізілуде», - деді басқармадан.

 

Соңғы жаңалықтар