Теміртау маңындағы жаппай көлік апаты: Зардап шеккендердің бірі ауыр халде жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау маңында болған ірі жол апатында екі адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды-Екатеринбург» тас жолында болған жаппай көлік апаты салдарынан 2 адам Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Бірінші зардап шеккен адам бас пен аяқ жарақатын алды, қазір ауыр халде. Екінші зардап шегуші амбулаторлық емделуге жіберілді«, - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қарағанды - Осакаровка« тас жолында бірнеше көлік соқтығысқан ірі апат орын алған болатын.

Одан бөлек, елордадан шығатын екі ақылы жолда үш жаппай көлік апаты болғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар