Теміртау маңында көшпенділердің қыстағы пайда болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласының маңында қазақ көшпенділерінің қыстағы пайда болады. Мұнда келушілер өз қолдарымен ежелгі технологиялар бойынша жүн тазалап, тоқыма тоқып, шитті және саман кірпіштерін құя алады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты. 

Бұл қыстақ 29 қыркүйекте өтетін «Жауыртаудағы кездесу» форум-фестивалінің интерактивті алаңдарының біріне айналмақ. 

Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайының мамандары 19 ғасырдың соңында қыстақ болған жерде сәйкесінше ішкі жабдықтары бар шымды топырақ төбесі бар үй, малға арналған қаша орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тоқыма тоқитын станок пен жүн тазартуға арналған, ас әзірлейтін аумақ: от үстіндегі қазан және отпен қайнатылатын самаурын қоятын тұрмыстық орын қарастырылады. 
Келушілер саман және шитті кірпіш құйып, жүн тазалап, тоқыма тоқи алады. Қыстақтың тұрмыстық аумағы мұрағаттық суреттер мен дерек көздеріне негізделіп құрылған. Сонымен қатар мұнда Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының қорынан алынған қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін бірегей жәдігерлер де қойылады. 

Тарихшылардың мәлімдеуінше, Жаңғыз төбе және Жұмақ дөңдерінің маңындағы жерлер (қазір ол Самарқанд су қоймасындағы арал мен жартылай арал) Арғын руынан шыққан Тотығұлдың Оразбек, Ниязбек және Тұрлыбектің қыстаулары болған. Ақсақалдардың айтуынша, ауылдар бұл жерде кем дегенде 1820 жылдардан бері қыстаған. 

«Жауыртаудағы кездесу» фестиваліне Теміртау, Абай, Саран, Қарағанды және Шахтинск қалаларынан жиналатын 100-ден астам белсенділер қатысады. Олар үшін семинарлар мен тренингтер, интерактивті ойындар мен викториналар ұйымдастырылады. 

Мереке Қала күнін, яғни Теміртаудың 73 жылдығын тойлауға орайластырылады.  

Соңғы жаңалықтар