Теміртау маңында көмір тиелген КамАЗ аударылып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 9 қазанда Теміртау- Қарағанды күре жолында КамАЗ жүк көлігі аударылып, үстіндегі көмірі сол бағытта келе жатқан «Тойота Авалонның» үстіне төгілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Автомобиль жүргізушісі төгілген көмірден жеңіл жарақат алған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, КамАЗ-дың 29 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Оның артындағы «Тойота Авалон» жүк көлігін келіп соққан. Жол апатының жанынан өтіп бара жатқан басқа автокөліктердің жүргізушілері, тіпті эмоцияға ерік берген: «Өзі көмір тапшы болып отырғанда, сонша көмірді шашып жіберді», дейді куәгерлердің бірі.
null

Б. Құдияров жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар