+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 2 маусым 13:10
Бөлісіңіз:
Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртау қалалық әкімдігінің қызметкерлері арасында тестілеу өткізудің нәтижесінде шаһар басшысы Ғалым Әшімов коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда коронавируспен күреске аудан дәрігерлері мен ЖОО түлектері тартылады Бір той жасаймын деп қаншама адамның обалына қалмасына кім кепіл - Бақыт Смағұл Вирус жоқ деп, опық жеп қалмаңыз - Ұлытау ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовте коронавирустық инфекция анықталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде растады.

«Өткізілген тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінде коронавирустық инфекция барын растады. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулық жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Кала әкімі ешқандай әлсіздік жоқ екенін айтты. Ол 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болады. Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болады. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Теміртау қаласы басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің арасында оң нәтиже анықталған жоқ.

1 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 956 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 255 адам сауығып кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT