+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Теміртау қаласындағы Шығыс полиция бөлімінің бастығы жұмыстан қуылды - ІІМ

2009 жылғы 21 қыркүйек 15:51
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қарағанды облысы Теміртау қаласында жыныстық қатынасқа итермелегені үшін Шығыс полициясы бөлімінің бастығы жұмыстан қуылды.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігіне Теміртау қаласының Шығыс полициясы бөлімінің бастығына қатысты моральдық-этикалық нормаларды өрескел бұзғандығы туралы екі қызметкер арызданған болатын. Онда арызданушылар бөлім бастығының жыныстық қарым-қатынасқа итермелегенін, ол үшін материалдық көмек және қызметте жоғарылатуды ұсынғанын хабарлаған. Осыған орай, тексеріс нәтижесінде ІІМ-нің Тәртіптік комиссиясының шешімімен Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасы Шығыс полиция бөлімінің бастығы Рашид Есенбеков полиция қызметкері атағына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ішкі істер органынан шығарылды», деді Қ. Жұманов.

Сонымен бірге, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Теміртау қаласы ІІБ бастығы Қ. Төкешов, Қарағанды облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығы Х. Оспанов атқарып отырған лауазымдарынан босатылған. Бұдан басқа, Қарағанды облысы ІІД-нің бірқатар лауазымдағы қызметкерлері де қатаң ескерту алды. Ішкі істер министрі Теміртау қаласының Шығыс полициясы бөлімі бастығына қатысты қызметтік тергеу материалдарына тексеру жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІМ-нің Тергеу комитетіне жолдау туралы тапсырма жүктеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT