Темірланда тұрмысы төмен отбасылар үшін қайырымдылық дүкені ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар үшін қайырымдылық дүкені ашылды. Сондай-ақ, аудандағы барлық ауыл округтерінде «Жүректен жүрекке» акциясы басталып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығы Темірлан ауылында ашылған «Жан-шуақ» қайырымдылық дүкеніне демеушілер тарапынан әкелінген азық-түлік, киім-кешектер қойылған. Тұрмысы төмен отбасылар мұнда кез келген тауарларды тегін ала алады. Бұдан басқа, аудан кәсіпкерлері мен демеушілер 281 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді. Сонымен қатар, жастар ұйымы жетекшілері мен мектеп оқушылары 50 жалғызілікті қарттың үйіне барып, үй шаруасына қолғабыс жасады. Ал, Қарақұм, Бадам, Шұбар, Бөген, Жеңіс, Төрткүл ауылдарында да әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар үшін арнайы дүкендер ашылды. Аудан тұрғындары тағдыр тәлкегімен таршылық сынына ұшыраған ауылдастарына көмектесуді азаматтық парыз санап, қайырымды іске қосшы бола білді.null null

Айта кетейік, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан айында 365 балаға және 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай аз қамтамасыз етілген отбасылардың 120 баласына оқу-құралдары, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар алынды. null null

Соңғы жаңалықтар