АСТАНА. ҚазАқпарат - Темірхан Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2023 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Темірхан Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма мүшесі болып сайланған.
Жаңа басшының мұнай құбыры саласындағы жұмыс тәжірибесі - 27 жыл.
Темірхан Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма мүшесі болып сайланғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы болған.