Темірболат Ахажан – Талдықорған қалалық мәслихатының жаңа төрағасы

None
Фото: Талдықорған қалалық мәслихаты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы болып Темірболат Ахажан сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темірболат Ахажан 1964 жылы 24 мамырда Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша білім алған.

«Нұр-Шапағат Құрылыс», «Достық» сынды көптеген жеке серіктестіктер мен корпорация, кәсіпорындарда қызмет атқарған.

2019 жылдан бастап Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы болды.

Темірболат Ахажан - Amanat партиясының мүшесі. Осы партияның атынан сайлауға түсті.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық мәслихатына 18 депутат сайланды.

Кеше алғашқы сессиясы өтіп, мәслихат төғарасы лауазымына Темірболат Ахажанды ұсынып, кандидатурасын қолдады.


Соңғы жаңалықтар