Темірбанкті тонағандар 7 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Темірбанктен 37 млн теңгені қолды етті деп айыпталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Бостандық аудандық сотының судьясы банктің қауіпсіздік қызметінің 37 жастағы маманы мен оның 32 жастағы жерлесін ҚР ҚК 175 бабының 4 тармағы бойынша (ірі көлемде өзгенің мүлкін ұрлау) айыпты деп тауып, әрқайсысын 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот шешімі бойынша олардың мүлкі тәркіленетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы қазанда белгісіз біреулер «Темірбанк» ғимаратының бірінші қабатындағы есептік бөлмесінің есігін бұзып кіріп, 37 млн. 200 мың теңгені қолды еткен болатын. Аталған дерек бойынша полиция екі азаматты күдікті ретінде ұстаған еді. Екеуі де Жамбыл облысы, Шу ауданының тумасы болып шықты.

Соңғы жаңалықтар