Темір жолдар мен әуежайлар сауда дәлізіне айналуы керек - Венчай Чанг

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия Даму банкінің вице-президенті Венчай Чанг Астана экономикалық форумында жаңа Орталық Азияның сауда күн тәртібі мен жекеменшік сектор рөлін күшейтудің жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын және үлкен нарықтарды біріктірсек, халықтың саны - 1,7 миллиард адамға жетеді. Жалпы ішкі өнім шамамен 17 триллион АҚШ долларына жетеді. ЖІӨ жеке-жеке есептелсе, аса үлкен көрсеткішті көрсетпеуі мүмкін. Алайда, бұл сандар қосылса, айтарлықтай ойландыра түседі. Мінекей көрдіңіздер ме - бұл сауда жасауда өте үлкен әлеуетті көрсетіп отыр», - дейді Венчай Чанг.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта диверцификацияның болмауы, нарықтың қолжетімді бола бермеуі, дамымай қалған инстиутттар, жеке сектордың жәен капиталдың жетіспеушіліг, банк секторының дамымауы - осының бәрі жеке сектордың дамуына кедергі келтіреді.

«Бұл - болашақ үшін өте маңызды. Алайда, қазір сауда тұрғысынан Орталық Азия аймағында айтарлықтай шектеу барын көріп отырмыз. Көптеген елдер Батыс елдерімен, Ресеймен сауда жасасқысы келеді. Бірақ, ең маңыздысы - мемлекеттер арасындағы сауда. Бұл мәселені жақын арада қалай шеше аламыз? Байланыс болмаса - ештеңе істей алмаймыз. Сонымен бірге, диалогты қалай кеңейтуге болады? Трансұлттық және кедендік мәселелерді шешу керек. Саяси қадамдарды үйлестірген абзал. Осылайша, мемлекеттер арасындағы сенімді қалыптастырар едік. Жуық арада біз осы көлік дәліздегі белсенділікті арттыра аламыз. Темір жол, порттар, әуежайлар - осының барлығын сіздер сауда дәлізіне айналдыруларыңыз керек. Бұл өз кезегінде экономикаға күш береді. Мен көліктік дәлізге айналатын - экономиканы көргім келеді. Көптеген елдерде мен осы бағытты қолдаймын», - деді Венчай Чанг.

Айта кетсек, Азия Даму банкінің іргесі 1966 жылы қаланған. Оның негізгі міндеті - Орта Азия мен Таяу Шығыстағы экономиканы ынталандыру болып табылады. Банктің штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан.

Соңғы жаңалықтар