Темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» АҚ-ына қайтарылуы тиіс - З. Алшымбаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» АҚ-ына қайтарылуы тиіс.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Зейнолла Алшымбаев Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттың айтынша, 2001-2006 жылдардағы темір жол көлігін қайта құрылымдау шарасы барысында магистралдық желінің негізгі қызметіне жатпайтын барлық функциялар «ҚТЖ» ҰК» Акционерлік қоғамынан алынып тасталған. Сонымен бірге, аталған кезеңдерде еліміздегі барлық темір жол вокзалдары жергілікті атқарушы органдарға немесе «Теміржолмүлік» АҚ-ы баланстарына өткізіліпті. «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөз тіркесі бәрімізге белгілі. Сол секілді вокзалдар да елді мекенге кіретін парадтық есік болып, ондағы адамдардың тұрмыс-жағдайын көрсетіп тұрады. Егер вокзалда тазалық пен тәртіп болып, жүргіншілерге жоғары қызмет көрсетілсе, онда осы елді мекен туралы да жақсы көзқарас қалыптасады. Сонымен қатар, вокзалдардың бірегей сәулеттік ғимараттар екендігін естен шығармағанымыз жөн», деген депутат З. Алшымбаев қазіргі вокзалдардың жағдайына да тоқталып өтті.

Оның айтуынша, еліміздегі  аталған нысандардың басым бөлігінің қаржыландыру, көркейту мәселесі нашар болса, кейбіреуі тіпті апатты жағдайда тұр екен. Ал «Теміржолмүлік» компаниясының ондай нысандарды ұстап тұруға шамасы да жетіңкіремейтін көрінеді. Оның үстіне өткен 7-8 жылдың ішінде нысандардағы шешімін таппаған мәселелер қордаланып, жинақталып қалған. «Вокзалдар жолаушылар тасымалы үдерісіндегі көрсетілетін қызметтің ажырамас бөлігі әрі стратегиялық нысан. Сондықтан да, бұндай нысанның алдағы уақытта дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы балансына қайтару қажет», деді депутат.

Соңғы жаңалықтар