Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 22 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Темір жол саласына блокчейн технологиясы енгізілмек

2018 жылғы 13 ақпан 06:52 1294
Бөлісіңіз:
 Темір жол саласына блокчейн технологиясы енгізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да өткізілген дөңгелек үстел отырысында теміржол саласына блокчейн технологиясын өндіріске енгізу жайы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«SMARTCITY» - болашақтың қаласы Қазақстанның киберқауіпсіздігі үшін қандай қадамдар жасалып жатыр

Аталмыш шараға Компанияның IT-қызметі, Қазақстанның IT-компаниялары қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП, «Транстелеком», «Қазақтелеком», IBM, Microsoft, SAP, «БПЦ банкі технологиясы» басшылары мен өкілдері қатысты.

«Компания «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Цифрлы темір жол» бағдарламасын жасады. Ол негізі бизнес үдерістерді автоматтандыруға бағытталған»,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технология жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының» директоры Серік Төлебаев «Цифрлық темір жол» бағдарламасын жүзеге асыру жайы туралы әңгімеледі. Оның негізгі бағыттары электрондық коммерция, өндірістік Интернет, көп мәліметтерді сараптауға тоқталды.

«Өндірістік үдерістерді цифрландыру қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік әпереді. Оның ішіндегі болашағы зор бағыты блокчейн технологиясы. Ол арқылы логистикалық тізбекке қатысушылар ақпарат алмасу мен сақтау қызметтерін жақсартады»,- дейді С. Төлебаев.

Қазіргі таңда әлемдік тауар алмасудың тоқсан пайызы контейнермен жүзеге асырылады. Оларды жеткізуге 30-ға жуық логистикалық тізбек қатысушылары кіріседі. Оның қатарында жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар, тасымалдаушылар, кеден және бақылау органдары, солармен қатар 200-ден астам өзара ақпарат алмасу шаралары өткізіледі. 

«Блокчейн бұл тізбектегілердің іс әрекеттерін кәдімгі смартфон арқылы тірейді. Ол өз кезегінде тауарлардың ілеспе құжаттарын ресімдеуді қажет етпейді»,- С. Төлебаев.

Қазақстандық және шетелдік IT- компанияларының өкілдері блокчейн технологиясын теміржол саласына енгізу туралы өз ойларын ортаға салды.

Блокчейн технологиясы теміржол саласында электронды құжат алмасуда кеңінен қолданылып, көлік-логистикалық тізбекті автоматтандыру арқылы жылдамдықты жақсартып, сенімді, қауіпсіз етіп, сонымен қатар тасымалдау үдерісінің барлық түріне кететін шығынды азайтады.

Блокчейн стандарты сонымен қатар тасымалдау көлемінің шамасын анықтау, жылжымалы құрамның техникалық жағдайы туралы ақпараттарды сақтау, оның ішінде жөндеу кәсіпорындарындағы қосалқы бөлшектерді қолдау жайы да қамтылады. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат