Темір жол паркі қалай жаңартылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2026 жылдары аралығында 187 тепловоз сатып алынады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес, жылжымалы жолаушылар құрамы паркі 2 679 бірлікті құрайды. Оның ішінде 2 219-ы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға, 460-ы жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Орташа тозуы – 47,6 пайыз», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Минист рдің атап өтуінше, темір жол паркін жаңарту жөніндегі іс-шаралар аясында бірқатар келісімшартқа қол қойылған. Сонымен қатар мыналар жоспарланып отыр:

Бірінші, 2023-2026 жылдар аралығында 187 тепловоз (Wabtec технологиясымен Қазақстанда құрастырылған және ресейлік) сатып алынады, оның 70-і 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізіледі;

Екінші, 2023-2029 жылдары Alstom технологиясымен электровоз паркі 245 бірлікке жаңартылады;

Үшінші, 2029 жылға дейін Stadler технологиясымен шығарылған 537 жолаушылар вагоны жеткізіледі, сонымен қатар Ресейде құрастырылған 307 жолаушылар вагоны сатып алынады;

Төртінші, 2023 жылы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-нен 1 500 жартылай вагон және «ЗИКСТО» АҚ-тан 601 фитингілік платформа сатып алынады.


Соңғы жаңалықтар