+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Темір жол билетінің алыпсатарларына 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады

2020 жылғы 16 қаңтар 17:53
Бөлісіңіз:
Темір жол билетінің алыпсатарларына 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Темір жол билеттерінің алыпсатарларына 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын түсіндіріп берген еді

«Қазіргі таңда темір жолмен жолаушылар тасымалдау шығыстары мемлекеттік бюджет тарапынан субсидияланады. Бұл: вагондарды жалға алу, күтіп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы, локомативтік тарту және магистралдық желі қызметтері. Шығыстың басқа бір бөлігін «Қазақстан темір жолы« жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетілетін қызметтерге төмен тариф белгілеу арқылы жабады. Бұл ішкі кросс субсидиялау деп аталады. Аталған сызбада ақша ағымдарының бір орталыққа бағынуы және ашықтығы жоқ еді. Жүйені ашық ету үшін заң жобасымен жолаушылар локомативтері атты жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартудың жеке операторын құру нормалары анықталған. Бұл заңды тұлға локомативтік тарту қызметтерін өтеуге арналған субсидиялардың тікелей алушысы болады. Сондай-ақ бюджеттен қосымша қаражатты қарастырмай кросс субсидиялаудан бас тарту үшін жолаушылар тасымалдаушыларын қолдауға жүк тасымалдаушының тегерімдеуші, яғни баластық төлем енгізіледі. Бұл жолаушылар тасымалының нақты шығындарын көруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Е.Нестайдың айтуынша, нәтижесінде субсидияларды әкімшілеу жақсарады. Локомативтік тарту қызметтеріне арналған шығыстарды есепке алудың ашықтығы артады. Осылайша, жолаушыларды тасымалын субсидиялау тетігі бірыңғай стандартқа келеді.

«Жүк тасымалдау кезінде ішкі, импорттық, экспорттық және транзиттік тарифтар бар. Қазіргі уақытта «жасырын» транзит сызбасы Қазақстан аумағына импорттық режимде жүкті әкеліп, одан ары үшінші елге экспорттық режіиде жүкті қайта жіберу арқылы жүзеге асырылып отыр. Аталған сызба жүк жөнелтушілерге экспорттық-импорттық тариф деңгейінен 4 есе жоғары болып саналатын транзиттік төлемнен жалтаруға мүмкіндік береді. «Қазақстан темір жолы« жыл сайын осы тәсілдің себебінен 16 млрд теңгеге жуық кірісін жоғалтып отыр. Осыған орай жүк жолдары бойында жүкті қайта тиеу, ауыстырып тиеу және көлік түрін ауыстыруды қарастыратын «жүк транзиті» деген түсінік енгізіп отырмыз. Сондай-ақ, тасымалдаушы жүкке арналған ілеспе құжаттарды қарау құқығына ие болады. Жаңа нормалар жүк жөнелтушіге транзиттік тариф төлемінен құтылуға жол бермейді», - деді басқарма басшысы.

Мұнан бөлек, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында кірме жолдардың қызметтерін ұсыну және бағасын белгілеу тәртібі жетілдірілетіндігін айтты.

«Соңғы мәселе, қазіргі таңда темір жол билеттерін сату, қайта сату фактілері бойынша тиісті шаралар күшейтіледі. яғни, заңмен жеке және заңды тұлғаларғажол жүру билеттерін заңсыз сату және қайта сатқаны үшін 100-ден 500 АЕК-ке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделеді», - деді Е.Нестай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT