Темір Сариев Қырғызстанның Премьер-Министрі болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Парламенті Темір Сариевті елдің Премьер-Министрі қылып қайта сайлады, осындай шешім сәрсенбі күні дауыс беру қорытындылары бойынша қабылданды.

Сариевтің кандидатурасы үшін елдің 120 орындық парламентінің 118 депутаты дауыс берді, деп жазады РИА Новости.

2010 жылдан бері парламенттік республика аталған Қырғыз Республикасы Конституциясына сәйкес, ел Премьер-Министрінің кандидатурасын республиканың Жогорку Кенешіндегі көпшілік коалициясының (бір палаталы парламент) қарауына шығарады. Премьер-Министр коалициямен келісіп, министрлер кабинетінің құрылымы мен құрамын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар