«Темір адам» сайлауда белсенді болуға шақырды

2023 жылғы 19 наурыз, 12:05
«Темір адам» сайлауда белсенді болуға шақырды Фото: gov.kz

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Темір адам» атағын бес мәрте иеленген ардагер спортшы, Жетісу облысы Ескелді ауданының тұрғыны Бақытжан Бектенов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімнің азаматы ретінде таңдау жасадым. Сайлауда әрбір адамның дауысы маңызды. Сондықтан жетісулықтарды осындай тарихи мәні зор науқаннан қалмауға шақырамын», - деп келтіреді спортшының сөзін өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, Бақытжан Бектенов акватлоннан, дуатлоннан және триатлоннан Қазақстан, Қырғызстан және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar