Темекі - зиян, ментол дәмі бар темекі одан да қауіпті - Ғылыми зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейбір адамдар ментол дәмі шығатын темекі шегуді ұнатады. Бірақ ол шылымның зияны көп екенін, өкпеге өте ауыр зақым келтіретінін біле бермейді, деп жазады The Daily Mail.

Статистика бойынша, ментол дәмі бар темекіні шегетін адамдар басқаларға қарағанда екі есе артық «уланады». Осыны анықтау мақсатында ғалымдар ментол темекілерін шегетін 3758 адам мен ешбір «дәмсіз» темекі шегетін 1941 адамның денсаулығын салыстырды. Қатысушылардың барлығы жылына кем дегенде он қорап темекі тартатындардан болған.

Нәтижесінде, ментол темекілерін шегетіндерде өкпе дертінің өткір белгілеріне шалдығу қаупі 29 пайызға артатыны белгілі болды.

Ментол дәмі шығатын темекіні тартатын шылымқорлар арасында жастар, әйелдер және қара нәсілді адамдар көп болып шықты.

Соңғы жаңалықтар