+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Темекі секілді қантпен де күресетін уақыт жетті - ВВС

2019 жылғы 9 маусым 12:33
Бөлісіңіз:
Темекі секілді қантпен де күресетін уақыт жетті  - ВВС

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Соңғы онжылдықта темекіге қарсы күрес күшейді. 2007 жылдан бастап адамдарды темекіден бас тартуға итермелейтін түрлі амалдар ойлап табылды. Енді қантпен де осы бағытта күресетін уақыт жетті», деп жазады ВВС.

«Ұлыбританияның Мемлекеттік саясат зерттеулері институты (IPPR) тәтті тағамдарды тартымсыз (сыртқы қорабы нашар, жағымсыз безендірілген) қораптарға салуды ұсынды. Институт директоры Том Кибасидің айтуынша, бұл да қантпен күресу үшін маңызды құрал бола алады. Дегенмен, азық-түлік федерациясы брендингтің «коммерциялық еркіндікке» негізделгенін айтып, бәсекелестік үшін тәттілердің сырт келбеті де маңызды екенін атап өтті. Енді денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту департаменті Англияның бас медицина директоры, профессор Дам Салли Дэвистің шешімін күтуде», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, 2030 жылға дейін балалар семіздігін азайту үшін қазірден әрекет ете бастау керек.

«IPPRдің тағы бір ұсынысы - тәтті сусын мен басқа да азық-түліктерге салықты көбейту. Дегенмен, бұл әлі бекітілмеді. Балалар семіздігі туралы жиі айтылып жүргендіктен, енді қантпен күресу туралы да жиі айтылатын болады», деп жазады автор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT