Темекі сатып алғанда құжат көрсету керек пе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов темекі мен алкогольдік өнімдерді сатып алу кезінде құжатты көрсету талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрден ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне енгізілген кейбір өзгертулерден кейін темекі сатып алу кезінде сатып алушы қандай әрекеттер жасауы тиіс екендігі сұралды.

«Кодекске темекі мен алкогольдік ішімдікті сатып алатындарды азайтуға ықпал ету бойынша шараларға байланысты өзгертулер енгізілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандарды осы өнімнен шеттету ескерілген. Сондықтан тиісті норма пайда болды. Жоғары деңгейдегі заңнамалық актілерге енгізілген кез келген өзгерістер жалпы сипатқа ие, ал кейіннен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер (Үкімет қаулысы мен министрліктер бұйрықтары) түсініктемелік әрі нақтылаушы сипатта болады. Осы орайда біздің бұйрыққа өзгертулер енгізу бойынша жұмысты атқардық, яғни бұл қадамдар сатушыларға осы норманы пайдаланудың мән-жайын түсіндіру үшін іске асырылды. Сәйкесінше, сатушыларға нақты түсіндіру шаралары жасалды. Жеке куәлік сатып алушының жасына қатысты күмән болғанда ғана талап етіледі», - деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, жақында Сауда министрлігі алкоголь мен темекі өнімін сатуға қатысты ішкі сауда ережелеріне өзгеріс енгізді, алкоголь мен темекіні сатып алушының 21 жасқа толғанына сатушының күмәні болған жағдайда ғана жеке басын куәландыратын құжатты талап етеді.


Соңғы жаңалықтар