+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

2021 жылғы 28 қыркүйек 13:24
Бөлісіңіз:
Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилоттық жобаны жою туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті.

Атап айтқанда, сүт өнімдерін, темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңес барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов тауарларды таңбалау жүйесі бөлшек сауда сатушылары-шағын бизнеске белгілі бір ауыртпалық әкелетінін атап өтті.

«Аталған кеңестің қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне темекі өнімдерін таңбалауды өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастыру тапсырылды. Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша, шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты жою туралы шешім қабылданды, бұл ретте нарықтың жосықсыз қатысушылары мен заңсыз өнімдер салықтық және азаматтық бақылау арқылы анықталатын болады.

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы кеңес барысында айтылған шешімдерді толық қолдады.

Сонымен қатар, тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді тұтынудан қорғау мақсатында Сауда және интеграция министрлігіне тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің оң жақтары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT