Темекі мен алкогольді жарнамалауға қатысты тыйымды алып тастау қажет - А. Перуашев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Қазақстанда темекі мен алкогольді жарнамалауға қатысты салынған заңнамалық тыйымды алып тастау қажет.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің депутаттарымен кездесуі барысында «Атамекен» одағы» палатасының төрағасы Азат Перуашев осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның заңдары бойынша теледидарда темекі мен алкогольдік өнімдерді жарнамалауға тиым салынған. Ресейде бұл мәселе басқаша қарастырылған, есесіне тауарлар көршілес елдерде еркін жарнамаланады. Сондықтан да, қазақстандық тұтынушылар кабельді арналар арқылы ресейлік телеарналарды тамашалап, ондағы жарнаманың әсерімен ресейдің тауарларын тұтынуға бейім боп алған. Шындығанда, жарнама сұранысты қалыптастырады. Яғни, Ресейден шығарылған тауарлар Қазақстанда емін-еркін жарнамаланып, керісінше Қазақстанның өз ішінде  шығарылған тауар жарнамалау жағынан шетқақпайланып тұр. Осының өзі қазақстандық  темекі мен алкоголь өнімдерін өндірушілер үшін үлкен соққы», деді А. Перуашев. Осыған орай, палата төрағасы акцизді өнімдер шығаратын қазақстандық өндірушілерге ресейліктермен бірдей жағдай қарастыру қажеттігін, оны заңмен бекіту керектігін атап өтті. «Бұндай өнімдерді жарнамалауға қатысты тиымды алып тастау немесе  қазақстандық өнімді қорғаудың қосымша шараларын енгізу қажет», деді А. Перуашев.

Соңғы жаңалықтар