Тележоба аясында жиырмадан астам көпбалалы отбасының үйі тегін жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «31-арнада» басталатын «Анашым, біз үйдеміз» жобасына мемлекет тарапынан 130 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Анашым, біз үйдеміз» тележобасына 18 жасқа толмаған 4 баладан көп баласы бар отбасылар қатыса алады. Қатысушыларды іріктеу үшін телеарнада арнайы комиссия құрылады. Комиссия келіп түскен өтінімдерді қарай отырып, қызықты өмірлік тарихы бар отбасын жоба қатысушысы ретінде іріктеп алатын болады.

«Мемлекет тарапынан бұл жобаға 130 млн теңгені «31-арнаға» беріп жатырмыз. «31-арна» өз тарапынан тағы да қаражат қосады. Сол арқылы осы жылдың соңына дейін 20-дан астам отбасының үйін толығымен жөндеп береміз», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің дерегінше, жобаға тек Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан емес, еліміздің кез келген өңірінен көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Ал «31-арнаның» бас директоры Юрий Бродский жобаның әрбір сериясы жеке шығарылым, бір отбасының жеке тарихы болатынын айтты.
null

«Алғашқы маусымда бүкіл Қазақстан бойынша 24 серия болады. Яғни, оған 24 отбасы қатысады. Одан кейін де бұл жоба жалғасын табатынына үміт артамыз», - деді ол.

Айта кетейік, жобаны дайындау бүгін басталды. Оған қатысу үшін өтінімді [email protected] электронды поштасына жіберу немесе +7 7082677326 нөмірі арқылы жоба үйлестірушілеріне байланысу қажет. Ал 11 тамыздан бастап «31-арна» көрермендері әр отбасымен жеке танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейгеніне куә болады.

null

Соңғы жаңалықтар