Тelegram-да сторис форматы пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Telegram мессенджерінде сторис форматы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа функциясы бар жаңартуды AppStore және Google Play арқылы жүктеп алуға болады. Жаңартудан кейін «хабарлама жазу» белгішесінің жанында батырма пайда болады. Бұл мүмкіндік тек премиум жазылымы бар пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Павел Дуров Telegram-да сторис форматының пайда болғанын маусым айының соңында жариялады.


Соңғы жаңалықтар