Telegram бот арқылы қандай мемлекеттік қызметке қол жеткізуге болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді белсенді жалғастырып келеді. Алматы ХҚКО мамандары Telegram бот арқылы үйден шықпай қандай құжат алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біздің әр ХҚКО мамандары арнайы бұрыштарда Телеграм бот арқылы алуға болатын қызметтер туралы түсіндірумен айналысып жатыр. Ақырындап адамдар осы қызметке үйрене бастаса, ХҚКО келушілер саны азаяды. Адамдар уақыттарын үнемдеп жатыр. Біздің мақсатымыз - сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, адамдардың уақытын үнемдеу», - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясы КЕАҚ бөлімшесінің директоры Данияр Қырықбаев.

Бүгінде Телеграм бот арқылы 25 қызмет алуға болады.

Ол eGov.kz порталында тіркелген болу керек. Бұл операциялардың барлығы ЭЦҚ арқылы ғана жүзеге асады.

«Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясы қызметкерлерінің бастамасы бойынша бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципі, смс-пароль арқылы ЭЦҚ-сыз қызметтерді алу, порталда деректерді бұғаттау, электрондық аурухана парағы, автокөлікті онлайн-тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру, үшінші тұлғалармен және Telegram-бот анықтамалар алу сияқты көптеген цифрлық жаңалықтар іске қосылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Алмалы, Медеу, Әуезов, Наурызбай ХҚКО-ларында цифрлық класстар ашылады.

«Бір ғана Алмалы ХҚКО ғимаратында 37 орын жабдықталған. Бұл жерде келушілер өздері цифрлық қызмет ала алады», - деді Данияр Қырықбаев.

Үш жыл ішінде Фронт-офистер арқылы 8 785 032 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық түрде - 3 876 555 қызмет, дәстүрлі тәсілмен 4 908 477 қызмет көрсетілген.

Жер кадастры бэк-офисі және жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша 205 352 қызмет көрсетілді. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу желісі бэк-офистері арқылы - 114 542 қызмет көрсетілді.

"ConnectionPoint" - өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында көрсетілген қызметтер саны - 4 684 090 болса, мобильді үкіметке тіркелгендер саны - 1 025270.

null

Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-ларында 3 жыл ішінде 156756 жүргізуші куәлігі беріліп, 771970 көлік құралы қайта тіркелді.

Қазіргі уақытта автокөлік иелері үшін "электрондық үкімет" порталында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша сервистер жұмыс істейді, онда осы қызметтерді ұсыну мерзімі бір сағатқа дейін қысқартылды. Сервис іске қосылғаннан бастап 3199 жүргізуші куәлігі, 590 көлік құралы тіркелді.

Бұл ретте автокөлікті тіркеу үшін қажетті ақпаратты полиция онлайн-режимде тексереді.

null

2018 жылдың 27 тамызынан бастап Халыққа қызмет көрсету бойынша Көші-қон бөлімі жұмыс істей бастады. Ашылған күннен бастап 20 596 қызмет көрсетілді.

2014 жылғы 20 қазаннан бастап жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (VIP нөмірлер) сату жүргізіледі. Осылайша, №1,2,3,4,5 мамандандырылған ХҚКО бөлімдерінде 3 жыл ішінде: 3 млрд 079 млн 594 мың 610 теңге сомасына 8 402 нөмір берілді.

«Биыл мемкорпорация өзінің басты құндылығымен "сапалы нәтижеге саналы қызмет көрсету арқылы" ("Sanalyqyzmet - sapalynatije") формуласын, ал сандық мәдениет кодымен "SANA" сөзі - senim, ashyqtyq, nàtije, abyroi (сенім, ашықтық, Ар-намыс және нәтиже) деп жариялай отырып, сапа менеджменті стандарттарына сәйкестігіне мемлекеттік қызметтерді Халықаралық сертификаттаудан өтті. Біз қазір "Қалтадағы ХҚО" қағидаты бойынша әрекет етеміз. Яғни, біз халқымызды «цифрландырамыз» және оларға жылдам, ең бастысы, мемлекеттік қызметтерді жедел алуға көмектесеміз», - деді «Азаматтық Үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі Жаңыл Әпетова.

null

Соңғы жаңалықтар