Телеграм-бот арқылы әлеуметтік төлемақы алуға 800 мыңнан астам өтініш берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телеграм-боты арқылы әлеуметтік төлемақы алуға 800 мыңнан астам өтініш берілді. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік 6 сәуірде іске қосқан Телеграм-боттардың көмегімен 42 500 тг әлеуметтік төлемді алуға 800 154 өтініш берілді. Жалпы алғанда, барлық қолжетімді сервистер арқылы азаматтардан 2,5 млн өтініш келіп түскен», - делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 42500 теңге әлеуметтік төлемін алуға өтінім беруге арналған қосымша арналарды іске қосқан болатын. Әр өңірдің азаматтары өз өңірлері бойынша өтінім бере алатын 18 телеграм бот құрылды. Бұл арналардың жүктемесін азайтып, өтінім беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, egov.kz порталында ЭЦҚ-ны пайдаланбай, SMS арқылы авторлану жолымен өтінім беруге болады. Берген өтініміңіздің қаралғанын және өңделгенін порталдағы жеке кабинеттен тексере аласыз. Бұдан басқа, 42500.enbek.kz сервисі арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар