+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті

2021 жылғы 16 қаңтар 13:32
Бөлісіңіз:
Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен полицейлері үйден қашып кеткен баланы 1 сағаттың ішінде тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әуелде әйел сыртқа шығып кеткен баласын өзі тауып алмақ болды. Бірақ онысынан түк шықпағандықтан 15 қаңтарда сағат 11:30 шамасында полицияға қоңырау шалған.

Бірден полиция қызметкерлері баланы іздеуге кірісті. Анықталғандай, 9 жастағы оқушының үйден қашып кетуіне анасының одан ұялы телефонды алып қойғаны себеп болған.

«Оған ескерту жасадым да телефонды алып алдым. Себебі балам смартфоннан бас алмай қойды. Үнемі ойын ойнап, бейнероликтер көріп, достарымен хабарлама алмасады. Бұл оның сабақ үлгеріміне теріс әсер етуде», - деді әйел.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары оқушыны супермаркеттердің бірінен тапты. Оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір бала ата-анасымен бірге.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT