Телефонмен ақша талап ететін алаяқтарға алданбас үшін не істеу керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полициядан лайфхак: Тәртіп сақшылары алаяқтарға алданбас үшін қандай сақтық шараларын жасау керектігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдетте телефонмен хабарласып, шұғыл ақша аудару керектігін айтып, сол арқылы қомақты ақшаны жымқырып кететін алаяқтықтың түрі бар. Олар телефон арқылы сөйлескенде әлдебір туысыңыздың атын айтып, қылмыс жасағаны үшін полиция қызметкерлері ұстап алғанын жеткізеді (ЖКО, есірткі сақтау, дене жарақаты). Содан кейін полиция қызметкері әңгімеге араласады. Ол белгілі бір ақша сомасын алып келген жағдайда туысыңызды босатып, барлық мәселені шешетінін айтады. «Ақшаны кез келген телефон нөміріне немесе электронды әмиянға аудару керек» деп алдайды олар. Ондай кезде не істеу керек?

Полицейлердің айтуынша, жақын туысыңыз немесе досыңыз белгісіз нөмір арқылы хабарласқанда мынадай қауіпсіздік шараларын қолданған жөн:

- туысыңыз болып хабарласқан адамға екеуіңіз де жауабын білетін сұрақты қойыңыз;

- құқық қорғау органының қызметкерінен туысыңызды қай басқармаға немесе бөлімге алып келгенін сұраңыз;

- 02 нөмірін теріңіз және ПБ немесе ПБ кезекші бөлімінің нөмірін біліп алып, туысыңыз сонда келіп түскен-түспегенін және бұл іспен кім айналысатынын кезекшіден сұрап алыңыз;

- егер қоңырау шалған туысыңыздан немесе айтылған фактілерден күдіктенсеңіз, туысыңыздың ұялы телефон нөміріне қайта хабарласып көріңіз. Егер ол өшірулі болса, қосымша ақпарат алу үшін оның достары мен әріптестеріне хабарласыңыз.

Соңғы жаңалықтар